Астанада Сарыбұлақтың жағалауы тазаланады

None
None
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Ертең Астанада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза жағалау» акциясы өтеді.

Оның аясында «Сарыбұлақ» бұлағының жағалауы тазаланады. Бұл туралы astana.kz сайтында хабарланды.

Елорда әкімдігінің Өмір тіршілігін қамтамасыз ету бөлімінің мәліметтеріне қарағанда, экологиялық акцияға «Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану» мекемесі, Жастар саясаты басқармасы, қалалық Экология департаменті, «Жасыл ел» студенттер мен жастар-еңбек жасақтары штабы қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза жағалау» акциясының басты мақсаты - табиғатты қорғауды насихаттау. Осыған орай, Астанада жастардың еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткізу жоспарланған. Іс-шаралардың қатарында «Табиғат сұлулығы әлемді құтқарады» деген ұранмен өтетін 1-4 сынып оқушылары арасындағы сурет байқауы, «Астананың экологиялық болашағы» тақырыбындағы жастардың шығармашылық байқауы бар. Сонымен қатар, білім ошақтарының атсалысуымен жарияланған «Үздік мектеп гүлзары» атты байқау 2013 жылдың 5 қазанына дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар