Астанада салынып жатқан ғимарат өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан ғимарат өртенді. Аталған фактіні ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«17 маусым күні сағат 17-07-де Алматы ауданында Абай мен Жұбанов көшелерінің қиылысында салынып жатқан 4 қабатты ғимараттың 2-ші қабатында пеноплекс материалы жанды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын сағат 17-19-да ауыздықталды»,-деп хабарлады Иманқұлов.

Өрт орнында екі техника мен елорданың өрт сөндіруі қызметінің 10 қызметкері жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар