Астанада салынып бітпеген үйлер балалардың ойын алаңына айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектеп оқушылары құрылысы аяқталмаған нысандардың төбесінде ойнап жүрген видео ғаламторды шарлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова бүгінгі таңда басқарма аудандық әкімдіктермен, ІІД, ТЖД және басқа да мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта құрылыс нысандарын, жертөлелерді, ғимараттардың төбесін тексеру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Оқушылармен үзбей түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпті нысандарды ойнауға болмайтынын айтып ұқтырып келеміз. Сондай-ақ компаниялар басшылығымен салынып жатқан нысандардың айналасын қоршап, балаларды кіргізбеу бойынша да жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Жазира Асанова.

Соңғы жаңалықтар