Астанада сакралды орындардың картасы жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті. 

Бағдарлама жобаларының арасында елорданың тарихи-мәдени мұраларын біріктіретін «Сакралды Астана» картасы да бар, деп хабарланды Астана әкімдігінің сайтында.

Ермек Аманшаев Астана аумағында көне түркі кезеңіне жататын археологиялық нысандардың бар екенін атап өтті. Барлық ескерткіштер «сакралды картаға» енуі тиіс және тарихи-мәдени мұраларды тереңірек зерттеу үшін құрамына археологтар, тарихшылар, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері енетін жұмыс тобын құру қажет.

«Сакралды карта - бір жағынан өлке тарихын зерттеудің баға жетпес көзі және екінші жағынан - өз жеріңе, астанаңа деген патриоттық қарым-қатынасты қалыптастырудың негізі. Үшіншіден, сакралды карта туристік кластердің айнымас бөлшегіне айналуы тиіс», - дейді Ермек Аманшаев.

Әкім орынбасары «Рухани жаңғыру» бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін баса айтты және бағдарламада айтылған барлық бағыттарды жүзеге асыруға арналған іс-шараларды санамалап берді. Мәселен, «Бозоқ» қалашығына мәдени-ғылыми экспедиция, қалалық слет және жас өлкетанушылар форумы, білім беру ұйымдарында «Туған жер - рухани жаңғыру» атты сынып және кураторлық сағаттар өткізу және өзге де шаралар көзделіп отыр.

Сонымен бірге, жиналыста «Рухани жаңғыру» Астананың жас патриоттар клубын және қаланың шығармашыл зиялыларының кеңесін құру идеясы айтылды. Бастамашыл топтарға мәдениеттанушылар, тарихшылар, өнер қайраткерлері, археологтар және қаланың жасампаз дарынды жастары енеді.

Соңғы жаңалықтар