Астанада «Сахнадан сәлем» халықаралық театр фестивалі қорытындыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Сахнадан сәлем» халықаралық театр фестивалінің қорытындылары шығарылды.

22-28 маусым күндері аралығында Ресей, Грузия және Қазақстан әртістері үздік комедияларын, спектакльдерін, пьесалары мен музыкалық қойылымдарын көрсетті. Елорданың тұрғындары мен қонақтары кезекті рет қазақ драматургы Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы» спектаклін (қоюшы режиссер Қуандық Қасымовтың жетекшілігімен Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртістері), «Сирано де Бержерак» комедиясын (Мәскеу губерниялық театры, режиссері Сергей Безруков) және тағы басқаларын тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Фестивальдің соңғы күнінде С.Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театры көрермендерге «Қара шекпен» спектаклін ұсынды. Қоюшы режиссері - Б.Шәмбетов, туындының авторы - Г.Хугаев, деп хабарлайды astanaday.kz.

Соңғы жаңалықтар