Астанада Сағадат Нұрмағамбетовтің соңғы сұхбатына арналған фильм таныстырылды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы түсірген толықметражды «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Туынды Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Респбликасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералының өмірінен сыр шертеді.

«Сағадат Нұрмағамбетов өмірден өтер алдындағы екі ай бұрын осы сұхбатты алған едім. Бүгін тұсаукесері өтіп жатқан фильмнің де тақырыбы осы сұхбатқа орайластырылып қойылды. Осындай батырлар туралы кино түсірмеу қиянат деп білемін. Барша өмірін Қарулы Күштердің қатырында өткізіп, елдің қауіпсіздігі үшін тер төккен тұлға. Сондықтан еліміздің абыройлы офицерлерін тәрбилеп шыққан Халық Қаһарманы туралы фильмді түсіру парызымыз. Туындыны келешек ұрпағымызға, жастарға үлгі-өнеге көрсету мақсатында дайындадық», - деді сценарий авторы Сатыбалды Текеев.

Фильм желісінде батырдың тағдыры, туған еліне деген патриоттығы, әскери саланың аса ірі маманы ретінде қалыптасуы мен тұлғаның адами қасиеттеріне айрықша мән берілген.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, Республикалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері және Екінші дүниежүзілік және Ауған соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері,студент жастар қатысты.
Сагадат Нурмагамбетов Сагадат Нурмагамбетов Сагадат Нурмагамбетов Сагадат Нурмагамбетов Сагадат Нурмагамбетов Сагадат Нурмагамбетов

Соңғы жаңалықтар