Астанада «Сабантой-2018» мерекесі тойланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығының бастамасымен Сабантой мерекесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мереке Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласының әкімдігі, Ресей Федерациясы Елшілігі, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілдігінің қолдау көрсетуімен өткізілді.

Бұл мереке бүтін түркі халқының ең маңызды мерекесі ретінде күнтізбеге ежелден енгізілген.

Бүгінде ол көктем маусымы аяқталуының түпнұсқалық мәнін ғана емес, сонымен қатар, ұлттарды ортақ мақсатқа біріктіріп, діндер бірлігін нығайтуға үндейді. 

«Туған жерге деген сүйіспеншілігі зор адамдар үшін «Сабантой» өте қымбат болып саналады. Әрі мамыражай осы сәтте ынтымағы жарасқан өнімді еңбек арқылы еліміздің, отбасымыздың ырысын арттырып, жерлестеріміздің, жақындарымыздың және достарымыздың ыстық  ықыласына бөленетін кез. Бұл мерекеде ақсақалдардың даналығына зейін қойып, болашақта жүзеге асырылатын игі жұмыстарымыз туралы ой бөлісеміз», - деді «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Рафик Валиев.

Айта кетерлігі, «Сабантой» мерекесі жауһар мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.

Бүгінгі мерекеге Қазақстан Республикасындағы татар-башқұрт бірлестігінің өкілдері, Астана қаласындағы этномәдени орталықтар, жастар ұйымдары мен қала қонақтары қатысты.

Мерекелік кештің концерттік бағдарламасы бойынша Татарстанның әртістері өнер көрсетіп, одан бөлек ұлттық «Көрәш» батырлар сайысы ұйымдастырылды. 

Соңғы жаңалықтар