+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Астанада рухани жаңғыру идеясына құрылған пьеса сахналанды

2017 жылғы 24 маусым 16:15
Бөлісіңіз:
Астанада рухани жаңғыру идеясына құрылған пьеса сахналанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы адам тағдырындағы даму мен рухани жаңғырудың басымдығы арқау болған қырғыз тіліндегі пьеса сахналанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 маусым күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» опера залында Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған I Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі аясында Қасымалы Жантошев атындағы Ыстық-Көл облыстық музыкалық драма театры Сәбит Досановтың «Адамзаттың анасы» пьесасын сахналады.

Қойылым қырғыз тілінде қойылды. Көрермендер арнайы құрылғы арқылы ілеспе аударманы қазақ және орыс тілдерінде тыңдауға мүмкіндік алды.

Пьесасының негізгі идеясына Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласындағы адам тағдырындағы даму мен рухани жаңғырудың басымдығы арқау болды.

Айта кетейік, бұған дейін Асанəлі Əшімовтың 80 жылдығына арналған l дүниежүзілік "Астана" театр фестивалі шымылдығын ашқандығын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлсая Жақан

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT