Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың аспектілері қаралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «University Medical Center» корпоративтік қорының мәжіліс залында Астана қаласының қоғамдық келісім кеңесінің «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асырудың тиімді құралы» атты кездесу өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Астана қаласының қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, Есіл ауданының ардагерлер кеңесі, қаланың қоғам қайраткерлері және этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың түрлі аспектілері қаралды, осы тұста спикерлер Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласына көбірек назар аударды. Сондай-ақ ұлттық сәйкестік пен келісімнің дамуы маңызды екенін және де Қазақстан халқы ассамблеясының этникааралық диалог қалыптастырудағы роліне тоқтала кетті. 

«Жыл бойы біз ұлттық дәстүрді, тарихты, патриоттық тәрбиені сақтауға және мәдениетке көңіл бөліп талқылаймыз. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында мемлекетіміздің тарихы мен өлкеміздің тарихына көбірек көңіл бөлінген. Расында біз өз тарихымызды білмей, ешқашан алға қарай жылжи алмаймыз, себебі қоғамдық сана ең алдымен ата-бабаларымыз жасап кеткен мәдениетке, энергетикалық ұлттық кодқа, жадымызға жүгінеді», - деді Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміржан Әлпейісов. 

Сондай-ақ отырыста Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері денсаулық сақтау саласында және қоғамдағы ішкі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін де талқыға салды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясының шешімі бойынша Қазақстанның барлық өңірінде қоғамдық келісім кеңестері құрылды, 2016 жылдан бастап Астана қаласында 6 кеңес құрылған.

Соңғы жаңалықтар