Астанада рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесінде 38,5 млн теңге жиналды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада өткен XIII рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесінде дипломаттардың жұбайы 38,5 млн теңге жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл жәрмеңкеге 41 елдің өкілдері қатысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дипломаттар жұбайларының қауымдыстығы (ASA) мәлім еткендей, XIII Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесінде 38,5 млн теңге жиналды. Шараға университеттерден 90 ерікті көмектескен, оған төрт халықаралық мектеп пен 13 қайырымдылық ұйымы өз стендтерін ұсынған.

Қауымдастық елдегі 35 қайырымдылық ұйымымен тығыз байланыста.

Сонымен бірге, Рождество қарсаңындағы қайырымдылық жәрмеңкесінде Дипломаттар жұбайларының қауымдыстығы лотерея ойнатты. Жүлде ретінде: LADA X-Ray маркалы автокөлік, 9 түрлі бағыттағы авиабилеттер (7 халықаралық, 1 ішкі және 1 әуе жолдамасы), ірі тұрмыстық техника заттары, зергерлік бұйымдар, әлемге әйгілі бренд тауарлар, қонақ үйде тұруға сертификат, елорданың үздік мейрамханаларына сыйлық сертификаттары, йога сабақтарына арналған абонементтер ойнатылды және би билеу, СПА/массаж және косметика билеттері, кеңсеге арналған орындықтар, балалар банкетіне билеттер, медициналық тексерулерге жолдамалар және елшіліктердің дәстүрлі сыйлық жинақтары берілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы мұқтаж ұйымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Барлық түскен қаражат Қазақстандағы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.


Соңғы жаңалықтар