Астанада республикалық патриоттар форумы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» орталық концерт залында дәстүрлі республикалық патриоттар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мерекелік форумның ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйледі.

«Мемлекеттік рәміздер - мемлекетіміздің ең қадірлі, ең қастерлі символдары. Аспан түстес байрағымыздың, Елтаңбамыздың және Гимніміздің әрбір элементінде Елбасының, сонымен қатар осы іске атсалысқан әрбір азаматтың Отанға деген махаббаты мен арман-мұраттары жатыр»,- деп атап өтті ол.null 

Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысты. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген депутаттар, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ұйым басшылары, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері мен зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Форум барысында қатысушылар өз жетістіктері жайлы айтып, мемлекеттік рәміздер саласында атқарып жатқан қызметтері туралы өзара пікір алмасты.null 

Жиында түрлі салада еселі қызмет етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен халықтың ықыласына бөленген, мемлекеттік рәміздерді насихаттауда шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен 17 азамат «Жыл патриоты» атанды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы оларды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.  

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар