Астанада Республика даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысы уақытша жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Республика даңғылы мен Әліби Жангелдин көшесінің қиылысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Аталмыш жол учаскесінде санитарлық-техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Жангелдин көшесінің Республика мен Сарыарқа даңғылдарының аралығында жатқан жол учаскесін күрделі жөндеуден өткізу" жобасын іске асырудың аясында су құбыры желілерін тазарту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

«18-21 қаңтар аралығында аталған жол бөлігінде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Қала көшелеріндегі жолдарда кептелістерді тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар