Астанада «ресми түрде» футбол ойнайтындардың саны жыл сайын өсуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ресми түрде футбол ойнайтын адамдардың саны артуда. Бұл туралы баспасөз мәслихатында елордалық Футбол федерациясының президенті Лашын Аймағамбетов айтты.

«Футболдың дамуына, жалпыхалықтық спорт болуына және елге танылуына жауап беретін бірінші баспалдақ - аймақтық федерациялар. Біздің басты міндетіміз футболды әркімге қолжетімді ету. Егер нақты сандарға келер болсақ, 2013 жылы біз футболдан 7 жарыс өткіздік, 2014 жылы 18-ге жеткіздік, ал биыл 31 жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті ол. Л.Айымбетовтың айтуынша, бүгінде футбол турнирлеріне қатысуға ресми тіркелген елорда тұрғындарының саны жыл санап артуда. «Астана халқы 800 мың десек, 2014 жылы шамамен 4 мың тұрғын футбол жарыстарына қатысу үшін ресми түрде тіркелді. Биыл футболға ресми түрде қатысатын астаналықтардың саны 5,5 мыңға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Біз бұл жерде аулалар мен әуесқой лигаларда ойнайтындарды санап отырған жоқпыз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар