Астанада Ramada Plaza ғимаратына кімдер бірінші болып орналасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы бес жұлдызды Ramada Plaza қонақ үйіне бірінші болып Астанадағы Байқоңыр ауданының полицейлері көшіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір-екі айда Байқоңыр ауданы полициясының аудандық бөлімін көшіруге тырысамыз. Ал кейіннен қалғандары орналасады», - деп нақтылады Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол жөндеу шараларына қаржы бөлу процесі біршама уақытқа созылып кеткенін атап өтті. Осы орайда қаржының жалпы сомасын әлі де есептеу қажеттігі туындап отыр.

«Біз бюджеттік ұйымбыз және жыл соңына қарай ақшаны игеруіміз керек. Қазіргі кезде қаражат өте аз, сондықтан бізде бар қаржыны жылумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге бағыттадық», - деп қосты министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қалмұханбет Қасымов Ramada Plaza қонақ үйін елордалық полицейлерге сұрап отырғанын айтқан болатын.

Жақында Ramada Plaza полицияның қарамағына өткені белгіілі болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар