Астанада президенттік институтының қалыптасу тарихынан сыр шертетін көрме ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Қазақстандағы президенттік институтының қалыптасу тарихына арналған қор көрмелерінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмелер Елбасы Кітапханасы қызметкерлерінің «Музей жинағы» жобасы аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі және республикадағы Президент институтының қалыптасуына арналған іс-шаралар топтамасының жалғасы болып отыр. Көрмелерді Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы Әмірхан Рахымжанов құттықтау сөзімен ашты.null

«Осыдан 29 жыл бұрын, 1990 жылдың 24 сәуірінде елімізде президенттік институт бекітілген еді. Осы уақыттан бері Қазақстан тарихында көптеген маңызды оқиғалар болды. Тәуелсіздігімізді алып, мемлекеттік нышандарымызды, ұлттық валютамызды, Конституциямызды қабылдадық. Қарулы күштерімізді құрып, елімізді түгел дерлік әлемдік қауымдастық мойындады. Осы тарихи оқиғалардың арасында, менің ойымша, ең маңыздысы - Қазақстандық президенттік институт енгізіліп, Қазақстан халқының алғаш рет өзінің Президентін таңдауы болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты, көпжылдық еңбегі арқасында қазіргі таңда еліміз айтулы жетістіктер мен табыстарға жеткеніне тарих куә», - дейді Әмірхан Рахымжанов.null

Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов, осы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен дипломаттар, Астаны қаласы оқу орындарынан келген тарихшы-ғалымдар, сондай-ақ, зергерлік өнердің танымал шеберлері - Естай Даубаев, Берік Әлібай қатысты.null

Көрмеге қойылған экспонаттар екі бөлімге топтастырылған: біріншісі құрмет белгісі - асатаяққа, екіншісі мантияларға арналып отыр. Асатаяқтарды шетелдік делегация өкілдері мен қазақ елінің азаматтары Елбасының ел дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін құрмет білдіре сыйлағаны белгілі. Әрбір асатаяқ қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнерінің ережесіне сай жасалған. Қалың көпшілік назарына алғаш рет толық көлемде ұсынылып отырған бұл топтамалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сан алуан мемлекеттік қызметінің бір қырымен танысуға мүмкіндік береді.null null

«Асатаяқ» қазақ халқының танымында ел ішінде аса зор беделге ие, билік жүргізіп отырған құрметті адамдарға берілген. 2010 жылдың 24 мамырында Түркия Президенті Абдулла Гүл түркі әлемінің рухани астанасы, Түркістан қаласында болғанда түркі интеграциясының архитекторы, ақсақалы атанған Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің атынан асатаяқ сыйлаған болатын.

Экспозицияда ұсынылған асатаяқтар зергерлік және көркем өнердің теңдессіз туындылары. Олардың үсті жартылай асыл тастармен көмкерілген. Ағаш бөліктері көркем ойылып, лакпен сырланған. Асатаяқтың қалыңдай келген үстіңгі жағында шар тәріздес нышан бар. Бұл нышанның рухани бастау ретіндегі өзіндік қасиеті бар саналған. Асатаяқ қазақ халқының дәстүрлерін ескере безендірілген. Мәселен, «қошқар мүйіз» халқымыздың бірлігін, молшылық пен келісімді бейнелейді. null null

Екінші коллекцияда шетелдік оқу орындарының Елбасыға әр жылдары сыйлаған мантиялары ұсынылды. Мантиялар әлемнің әр қиырындағы оқу орындарының Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жоғары білімнің интеграциясы аясындағы аса зор табыстарын тануының айғағы. Келушілер назарына Жапония, Корея, Қытай, Вьетнам, Канада, Ресей елдері университеттерінің Елбасыға берген мантиялары ұсынылған.null null null null null

Аян Бекенұлы

Соңғы жаңалықтар