Астанада «Президент Кубогы - 2018» халықаралық турнирі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Астананың 20 жылдығына арналған «Президент Кубогы - 2018» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Кубогы 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді және аталған спорттық шара кәсіби теннисшілердің арасында өткізілетін Қазақстандағы беделді турнирлердің бірі.

Президенті Кубогы турнирінің аясында 12 жасқа дейінгі балалар мен әуесқой тенннисшілер арасында «President`s Cup» турнирі өтеді.
null
null
nullnullnullnull
null

«Президенті Кубогы еліміздегі ең үлкен жарыс. Биыл 25 елден, 270 қатысушы келіп отыр. Елбасының ұлттық теннисті дұрыс жолға қоюының арқасында бүгінде барлық өңірде заманауи теннис орталықтары ашылған. Қазіргі таңда аталмыш орталықтарда болашағын кәсіби тенниспен байланыстырған 7 мың жасөспірім жаттығуда. Бұдан бөлек 1500 бала тенниспен тегін айналысу мүмкіндігіне ие болды», - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.
null

Аталған турнирге Қазақстаннан Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Денис Евсеев, Роман Хасанов, Гозаль Айнитдинова, Анна Данилина және Жібек Құламбаева қатысады.

Сонымен қатар вице-президент турнирге қатысушылардың арасында әлемнің ТОП жүздігінің теннисшілері барын айта келе, қазақстандық теннисші Зарина Диастың алған жарақатына байланысты қатыса алмайтынын да ескертті.

Айта кетейік, «Президент Кубогы- 2018» халықаралық турнирі Астанада 17-22 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығында өтуде.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 205 000 доллар.
null
null
null

Соңғы жаңалықтар