Астанада полицейлер 12 жасар велосипедшіні қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада патрульдік полиция көлігі мен 12 жасар бала тізгіндеген велосипедтің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Патрульдік полиция көлігі мен велосипедшінің қатысуымен болған оқиға С. Сейфуллин және С. Рахымов көшелерінің қиылысында тіркелді. Бұл қалалық ІІД Жедел басқару орталығының бейнекамерасына түсіп қалған. 

«Велосипедті 12 жастағы жасөспірім жүргізген және артына 10 жастағы баланы мінгестірген. Олар жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтіп бара жатқан. Полиция көлігі жүргізушісіне қатысты (мемлекеттік нөмірі: 424KP01) барлық қажетті құжаттар тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасына жіберілді», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Департаменттің хабарлауынша, жол-көлік апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Балалар медициналық ұйымға жүгінбеген.

Соңғы жаңалықтар