Астанада полицейді көлікпен қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«3 қаңтар күні сағат 14:20 шамасында жол-көлік оқиғасы орын алды, соның салдарынан КИА көлігінің мас күйінде болған жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалды», - делінген хабарламада.

Оны іздеу барысында жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат тоқтауға мәжбүр болды, бірақ полицейлердің көліктен шығу жөніндегі заңды талабын орындамай, өз көлігінің есіктерін іштен кілттеп алып, кетуге әрекет жасады, сол кезде полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті.

Қазіргі кезде оған жол апатына қатысты айып тағылып, ҚР ҚК-нің 379 бабының 1 бөлімімен («Билік өкілінің заңды талабын немесе бұйрығын орындамау») қылмыстық іс қозғалды.

Жол-көлік оқиғасы және көліктік құралды алкогольдік мас күйінде жүргізу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 1,3 бөлімдерімен, 608-бапқа сәйкес іс материалдары толтырылды.

Бұдан басқа, тексеріс барысында жүргізушінің бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК-нің 175 бабы, «Ұрлық») тартылғаны анықталды. Сот алдындағы тергеу ісі жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар