Астанада пирстен Есілге секірген 10 жасар оқушы суға батып кете жаздады

None
Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Астанада мектеп оқушысы суға батып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

4 маусым сағат 19:00-де жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Константин Новокшанов пен Өмірбай Нұржан Есіл өзеніндегі «Akbulak Riviera» ТК аумағын патрульдеу барысында пирстен суға секірген баланы көрген.

Оқиға орнына жедел келіп, үйлесімді және кәсіби іс-қимылдың арқасында 2013 жылы туған бала судан аман-есен құтқарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Бұл жағдайдың соңы жақсы аяқталды, бірақ әрдайым осылай бола бермеуі мүмкін.

«Құрметті ата-аналар, Астана қаласының ТЖ департаменті сізді кезекті рет қырағы болуға, рұқсат етілмеген орындарда шомылмауға, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға, мас күйінде шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, көпірлер мен қайықтардан, пирстерден суға секірмеуге, қоршау белгілерінен ары жүзбеуге шақырады. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз» деп ескертеді ТЖД.

Соңғы жаңалықтар