Астанада ПИК-терді жаппай тексерудің алғашқы қорытындылары шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасына сәйкес қалада 500-ге жуық пәтер иелері кооперативінің (ПИК) жұмысы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, қазіргі күнде Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы ең көп шағым түскен 41 ПИК-тің жұмысын тексерген. Қызметтерін нашар көрсететіңдерге ескерту жасалып, оларды жою бойынша нұсқамалар берілді.

10 компанияға ағымдағы ай басында тексеріс қайта жүргізілген. Олардың 7-еуі кемшіліктерді жойған. Олар «УК Коммунальник 2» ЖШС, (Сейфуллин көшесі 10,14/3), «Көктем» ТК (Абай 21 даңғылы), «Уют-2» ПИК (Мәскеу көшесі, 20), «Целинный железнодорожник» ПИК ( Желтоқсан көшесі, 49), «Батыр КСВ» ЖШС (Бөгенбай батыр даңғылы, 30), ««Самал» шағын ауданы» ЖШС (Самал 3 шағын ауданы).

Ал ескертпелерді жоймаған «Адал» ПИК (Республика даңғылы, 29), «Тұрмыс» ЖШС-нің (187-көше, 18-үй) істері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып жатыр. Осындай ескертпені орындамағаны үшін «ОЗП «Сайран» ТК» (Кубрин көшесі, 20/1) айыппұл салынды.

ПИК-тердің ең кең тараған заң бұзушылық түрлері: тарифтерді өз беттерімен белгілеу, пәтер иелерінің алдында тоқсандық есеп жасамау; нысанның кондоминиумдік тіркеуіден өтпеуі, эксплуатациялық шығындар үшін шығыстар сметасының болмауы, екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шот пен жинақтың болмауы. Сонымен катар тұрғындармен өткен жалпы жиналыстар хаттамаларының сәйкес келмеуі, шатыр жабындысы, үйдің сыртқы келбеті, ішкі инженерлік жүйелерге (су, жылу, электрожапдықтаумен қамтамасыз ету) қатысты сын-ескертпелер бар.

Еске сала кетейік, қызмет көрсетуші компаниялардың қызмет сапасын бақылау үшін қаламызда «е-КСК» жүйесі енгізілген. Бұл жүйе пәтер иелері алдында қызмет көрсетуші компания мен ПИК-дің қызмет көрсету сапасын, қаржы есептік шығының ашық қылады. 

Соңғы жаңалықтар