Астанада пәтерлерге жылу қашан беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елордалықтар жылуды қашан береді, неге коммуналдық қызметтер оны «дәл қазір» іске қоспайды деген сауалмен жүр. Жалпы, бүгінде астана жылу маусымына 97 пайыз дайын. Астана әкімдігінің сайты осындай жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындады.

Жылуды қашан береді?

Ауа райының жағдайы мен бекітілген нормативтер өз мерзімін бізге жүргізеді. Астанадағы жылу маусымын өткізу ережесі орта тәулікпен сыртқы ауа температурасы +10 °С және бес тәулік ішінде Астана қалалық жергілікті атқарушы органы жылу маусымының басталғаны туралы шешім қабылдайды. Басқаша айтқанда егер орта тәулікпен көше температурасы бес күн ішінде +10°С болса, алтыншы күні Астананың пәтердегі тұрғындарына көптен күткен жылу жіберіледі.

Ең бірінші кезекте - әлеуметтік маңызы бар объектілер балабақшалар, мектептер, ауруханаларға беріледі. Қоғамдық нысандардың артынша қалалықтардың пәтеріне жылу барады. Неліктен жылуды қосу үшін сыртқы ауа райы орта тәулікпен температура +10 °С және одан төмен болуы керек. Сыртқы ауа райының температурасын жылу маусымының бастапқы және аяқталар кезде мемлекетаралық 4.02-02-2004 «Жылу желісі» нормативімен анықтайды, яғни жылу жүйесін жобалау үшін сыртқы ауа райы есептік температураға тәуелді.

Неліктен сыртта күн жылы кезде уақытша қосып және өшіріп қоюға болмайды?

Жылуды босату - бұл күрделі технологиялық процесс. Технологиялық нормаларды сақтамау және жылу жүйесіндегі процестер апатқа, үзіліске, инженерлік-техникалық құралдардың құртылуына әкеп соғуы мүмкін, тұрғын үйлерге де, жылу желілеріне де. Осыған байланысты жылу беру кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Энергожабдықтау ұйымдарының тұрғын үйлерге жылуды бергеннен кейін, тұрғын үйлерге жылуды босатудың кезеңі басталады. Бұл жұмыстарды қызмет көрсетуші (басқарушы) ұйымның персоналдары атқарады. Энергоберуші ұйымдар жылу маусымы басталған бір айдың ішінде жылу желілерін ретке келтіріп, тұтынушыларға енгізеді.

Неге менің пәтерімде суық, ал көршіде жылы?

Жылудың қай жерде жеткіліксіз екенін анықтау қажет. Көбіне бұл терезе, есік жақтан болады, яғни сол үйде тұратындар ғимараттың жылуының 30-дан 40% дейін жоғалтады. Жылуды ұстап тұратын есік пен терезе сапалы болса жылуды жоғалтуды 1,5 есеге азайтады.

Алдағы жылу маусымына тұрғын үйлердің дайындығы туралы

Астанада 2 414 көпқабатты тұрғын үй орталық жылуға қосылған, 2 261 алдағы жылу маусымына дайындық бойынша барлық жұмыстар атқарылды. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, астанадағы тұрғын үйлердің 94 пайызы жылу маусымына дайын.

«Қала аудандарындағы ахуал шамамен келесідегі үлгімен қалыптасады: Алматы ауданы бойынша 712 көпқабатты үйдің 654-індегі жұмыстар аяқталды, бұл 92 пайызды құрайды. Есіл ауданы бойынша 444 көпқабатты тұрғын үйден 417 үйдегі жұмыстар орындалды, бұл 94 пайызды құрайды. Сарыарқа ауданы бойынша 819 үйден 809 үй, бұл 99 пайыз, Байқоңыр ауданы бойынша 439 үйден 383 үй дайын, бұл 87 пайызды құрайды», - дейді отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы. Ал ауруханалар, мектептер мен мәдени объектілер үшінші қыркүйектегі дайындық 97,6 пайызды құрайды. Сондай-ақ денсаулық сақтау объектілері - 94 пайыз, білім нысандары - 99 пайыз, мәдени нысандар - 100 пайыз дайын. Жалпы алғанда астана жылу маусымына 97 пайыз дайын. Жылу маусымы жұмыстары басталғанға дейін көпқабатты үйлер мен объектілердегі жұмыс аяқталатын болады.

Соңғы жаңалықтар