Астанада паркингтегі өрттен 3 адам ауруханаға түсіп, 6 көлік жанып кетті

None
Photo: t.me/qr_tjm
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен 6 көлік өртеніп кетті, тағы 4 машинаға зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қ. Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешені паркингінде өрт шыққаны хабарланған еді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, автотұрақта көліктер жанып жатқанын анықтаған.

«6 маусым күні сағат 11:56-да Қ. Мұхамедханов көшесіндегі үйде 3 қойма үй-жайы мен 6 жеңіл көлік өртенді, жылу әсерінен тағы 4 автокөлікке зақым келді. Құтқарушылардың күшімен, оның ішінде жоғарғы қабаттардан автобаспалдақ арқылы 17 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала бар», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.


«Көміртегі тотығымен улану» алдын ала диагнозымен 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жаудың таралуы сағат 14:33-те тоқтатылып, 15:02-де толығымен сөндірілген.

Оқиға орнында 70 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмыс істеген.


Соңғы жаңалықтар