Астанада пара алғаны үшін мемкірістер басқармасының қызметкері ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

14 тамыз күні елордадағы ЖШС бірінің директоры шағым түсірген. Шағым бойынша, ол өзінің танысының делдалдығымен тұрғылықты мекенжайы бойынша заңды тұлғаны растайтын салық тексерісі актісін толтырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған.

Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының 13 қыркүйектегі үкімімен ол ҚР ҚК 366-бабы «Пара алу» әрекеті бойынша кінәлі деп танылған. Жекеменшігіндегі мүлкі тәркіленіп, параның 50 есе сомасы, 2 500 000 теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілген.
Оның сыбайласы да ҚР ҚК 368-бабы «Пара алуға көмектесу» әрекеті бойынша кінәлі деп танылды. Оған параның он есе сомасы, 450 000 теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.

Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен пара ұсынушылардың қайшы әрекеті туралы хабарлауға шақырады. Ішкі қауіпсіздік басқармасының сенім телефоны - 22 73 30.

Соңғы жаңалықтар