Астанада пара алды деген күдікпен 11 полицей ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана прокуратурасы «кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз қазуға жол бермеу» шаралары аясында елордалық ІІД-нің жұмысын тексерді.

Прокуратураның бастамасымен Астана ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 11 полиция қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы («Пара алу») бойынша тергеу амалдары басталған.

Полиция қызметкерлерін Астана прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеп, қылмыстық істі сотқа жолдаған.

Есіл аудандық №2 сотының үкімімен пара алып келгені үшін Астана ІІД жол-патруль полициясының 9 қызметкері және табиғатты қорғау полициясының 2 қызметкері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабына («Пара алу») сәйкес сотталып, оларға алынған параның жетпіс есе сомасы мөлшерінде айыппұл белгіленді.

Соңғы жаңалықтар