Астанада «Panasoniс тәжірибесі» негізіндегі энергия үнемдеуге арналған семинар өтуде

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордадағы  «Қазгидромет» мекемесінде «Энергия үнемдеу» тақырыбында семинар өтуде. «Panasoniс тәжірибесі» негізінде ұйымдастырылып отырған шара Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің, «Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы» жобасы, сондай-ақ ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өкілдерінің қатысуымен жүзеге асып отыр,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинардың мақсаты - қазақстандық мамандарға Жапон Үкіметінің қоршаған ортаны қорғауға қатысты саясатына және «Panasoniс» корпорациясының энергия үнемдеу технологияларын таныстырып, ұсыну болып табылады. Осы бағытта жапон елінен келген аталған корпорация кеңесшісі Найто Такао мен «Эксель Интернэшнл Ко.лтд» компаниясының кеңесшісі Шунеи Умезава қатысушыларға Жапония Үкіметінің ғаламдық жылынудың алдын алу  шаралары жайында әңгімелеп, корпорацияларының экологиялық стратегиялары мен өнеркәсіп саласындағы экологиялық идеялары туралы ой бөлісті. Мәселен, «Panasoniс» компаниясы өкілінің айтуынша, аталған корпорацияда электр энергиясын үнемдеу мақсатында персоналдар жұмыс істейтін кеңседе жалпы жарықтандырудан жеке-жеке жарықтандыруға көшкен. Бұндай шара біраз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсеткен.

Сондай-ақ  семинар барысында энергияны үнемдеу бағытындағы Жапонияның табысты тәжірибесінің  Қазақстан үшін де өзекті болып отырғаны атап өтілді. Семинар жұмысына ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар