Астанада өзін СІМ қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алаяқ өзін Сыртқы істер министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел адам 2017 жылы өзін СІМ қызметкері ретінде таныстырып, АҚШ-қа бару үшін виза рәсімдеуге уәде еткен және зардап шегушіден 180 мың теңге алған.

Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының үкімімен ол ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді. 

Соңғы жаңалықтар