Астанада өз сәбилерін автокөлікке айырбастамақ болған отбасылық жұп ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жаңа туған нәрестелерін көлікке айырбастамақ болған ер адам мен әйелді ұстады.

«Астана қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне өздерінің жаңа туған нәрестесін «Тойота Камри» маркалы көлікке айырбастамақ болған отбасылық жұп туралы ақпарат келіп түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті азаматтардың есімдерін анықтады - олар Өзбекстан Республикасының тумалары, 25 жастағы әйел мен оның 29 жастағы жұбайы болып шықты», - делінген елордалық ІІД-нің хабарламасында. Әйел баласын 27 қаңтар күні босанған, оның салмағы 3,8 келі болды. Екі күннен кейін ерлі-зайыптылар көлікке сенімхат рәсімдеп, нәрестені беру кезінде ұсталды. Нәресте ауруханаға жатқызылды. Ұсталған азаматтар уақытша қамау оқшаулағышына қамалды. Әйел жұмыссыз, ал жұбайы болса қаладағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді екен. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 135-бабының 2-бөлімімен («Кәмелеттік жасқа толмағандарды сату») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар