+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Астанада өз қызметіне салғырт қараған 9 судья жауапқа тартылды

2019 жылғы 8 ақпан 15:16
Бөлісіңіз:
Астанада өз қызметіне салғырт қараған 9 судья жауапқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Астананың қалалық сотында сот процесінде тұрғындардың көңілі толмаған 9 судья жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың мәлімдеуінше, өткен жылы судьяларға қатысты 240 шағым келіп түскен.

«Олардың барлығын талдай келе 226 шағым (94%) судьялардың іс қарауда материалдық және процессуалдық талаптарды бұзуымен байланысты екенін анықтадық. Яғни жай азаматтар мен заңды тұлға өкілдері судья қабылдаған сот актілерімен келіспеген», - деді Астана қалалық сотының судьясы Гүлнар Әбдірахманова сот ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, судьяларға түсетін арыз-шағымдар саны азайып келеді. 2017 жылмен салыстырғанда, өткен жылы түскен шағымдар 64-ке немесе 21% азайған. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын аудио-видеофиксация тәжірибесін енгізумен тікелей байланысты.

«Судьялар сот отырыстарына тиісті деңгейде дайындалып, сот процесінің мәдениетін сақтауға тырысатын болды. 240 шағымның 14-інде судьялардың сот отырысын негізсіз кейінге қалдыруы, сот актілерін кешігіп жасауы, істі апелляциялық инстанцияға уақытында жібермегені айтылған. 14 шағымның 9-ында судьялардың айыбы дәлелденді және жауапқа тартылды», - деді Г. Әбдірахманова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Сот, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT