Астанада өткен гендерлік митингіге кәмелетке толмаған балалар қатысқан жоқ – Алтай Көлгінов

None
Photo: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ идеологиясымен күрес туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес 8 сәуірде Астана қаласында әйелдер құқығын отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі бойынша бейбіт іс-шара өтті. Бейбіт жиындар туралы заңның 1-бабының 4-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған азаматтардың бейбіт жиналысты ұйымдастыруға құқығы жоқ. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 128-бабы 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандарды заңсыз митингке, шеруге, демонстрацияға қатысуға тартқаны үшін ұйымдастырушылар айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартылады», - деп жазылған жауапта.

Оның мәліметінше, аталған шараны жергілікті атқарушы және прокуратура органдары, Астана қаласының полиция департаменті бақылауда ұстаған.

«Жиын өтіп жатқан кезде жергілікті әкімдік пен прокуратураға бейбіт жиналысты тоқтату туралы өтініш түскен жоқ. Сонымен қатар, аталған шарада кәмелетке толмаған балалар болмады», - деп жазады Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар