Астанада өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатының ойын күнтізбесі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында сәуір айында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатының ресми күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынады.

Жарыстың алғашқы екі күнінде, 9-10 сәуірде грек-рим күресінен балуандар белдесуге шықса, 11-12 сәуірде әйелдер күресінің шеберлері бозкілемге шығады. Ал 13-14 сәуірде еркін күрес шеберлерінің бәсекесі жарыс көрігін қыздырады.

Азия чемпионатының ойын күнтізбесі төмендегіше:

9 сәуір: грек-рим күресі 55, 63, 77, 87, 130 келі

10 сәуір: грек-рим күресі 60, 67, 72, 82, 97 келі

11 сәуір: әйелдер күресі 50, 55, 59, 68, 76 келі

12 сәуір: әйелдер күресі 53, 57, 62, 65, 72 келі

13 сәуір: еркін күресі 57, 65, 70, 79, 97 келі

14 сәуір: еркін күресі 61, 74, 86, 92, 125 келі

«Құрлықтық дода алғашқыда Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі деп жоспарланған еді. Оны ұйымдастырушылар Астана қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады, - деп мәлім етті ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.


Соңғы жаңалықтар