Астанада өтетін грэпплинг турниріне 5 елдің спортшылары келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардың 26-27-сі күндері елордада грэпплингтен халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Грэпплинг қауымдастығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қауымдастық дерегінше, елордадағы «Көрме»орталығында өтетін ашық турнирге Біріккен Араб Әмірлігі, Бразилия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің грэпплинг күресінің 700-ден астам мықтысы келмек. Есте болса, өткен жылғы турнирге Үндістан, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысқан еді.

Айта кетейік, грэпплинг - дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа да күрестің барлық стилін қамтитын жекпе-жектің бір түрі.

Соңғы жаңалықтар