Астанада өтетін ФИДЕ гран-при жарысына әлемнің 12 үздік шахматшысы қатысады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17-30 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы гран-при жарысының бірінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан шахмат федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін турнирге әлемнің ең үздік 12 шахматшысы жиналатынын жазды.

Қазақстан «Women Grand Prix-2022» турнирін ұйымдастырушы құқығында ойыншы ретінде үміткерді ұсына алады. WGP кезеңінің осы сериясында Қазақстанның намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.

Турнирдің ресми регламентіне және халықаралық рейтингісіне сәйкес шахматтан ҚР әйелдер құрамасының көшбасшысы Жансая Әбдімәлік те қатысушылар тізіміне енді.

Турнир қорытындысы бойынша «WGP» сериясында ең көп ұпай жинағандар ФИДЕ үміткерлерінің әйелдер турниріне қатысу құқығына ие болады.


Соңғы жаңалықтар