Астанада өтетін Азия чемпионатында әйелдер күресінен ел намысын кімдер қорғайды

None
Фото: prosports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтетін күрестен Азия чемпионатында әйелдер арасында ел намысын қорғайтын Қазақстан балуандарының есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызмі хабарлағандай, Сарықұрлық додасы 7-14 сәуір аралығында елордада өтеді.

Бас бапкер Қайрат Сағадиев құрлық додасында жуырда Алматы қаласында өткен VI жазғы ҚР Спартакиадасында топ жарған балуандарға сенім артып отыр.

Олар: Эллада Махяддинова (50 кг), Алтын Шағаева (53 кг), Марина Седнева (55 кг), Нилуфар Раймова (57 кг), Диана Каюмова (59 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Альбина Қайыргельдинова (65 кг), Елена Шалыгина (68 кг), Жамила Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг).

Естеріңізге сала кетейік, күрестен Азия чемпионаты Астана қаласында осымен 2-рет мәрте өткелі отыр. Алғаш рет елорда 2014 жылғы сәуірде сары құрлықтың кіл мықтылары Астанада сынға түскен болатын. Сол кезде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 7 қола медельға қол жеткізіп, жалпы есепте Ираннан кейін 2-орын алған еді.


Соңғы жаңалықтар