Астанада отбасылық дуатлонға қатысушыларды тіркеу жалғасуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қалай отбасылық дуатлонның қатысушысы болып тіркелуге болатынын elordasport.kz сайтынан біле аласыздар, деп xабарлалы елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

«Астана мен өзге де қалаларда тұратын кез келген жанұя отбасылық дуатлонға қатыса алады. Біздің elordasport.kz сайтымызда тіркелуге болады. Сонымен қатар, 10 қыркүйек күні дуатлон өтетін жерде старт кезінде 09.00-де тіркеле алады», - деп түсіндірді елорда әкімдігінің медиа орталық тілшісіне Астана қаласының спорттық-бұқаралық шараларды өткізу бойынша дирекциясының жетекшісі Азамат Имашев.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта жарысқа қатысуға 30-ға жуық жанұя өтініш берген. Алайда отбасылық сайыс қатысушыларын тіркеу әлі де жалғасуда.

«Отбасылық дуатлон екінші рет өткізілуде. Сондықтан оған қатысуға ниет білдірушілер көп. Қазіргі уақытта 30 отбасы тіркелді, бірақ біз жарыс өтетін күні қатысуға қызығушылық танытатын жанұялар табылатынына сенімдіміз. Өткен жылы 80 отбасы жарысқан болатын», - деп ақпараттандырды А.Имашев.

Бұған дейін хабарланғандай, 10 қыркүйек күні елордалық триатлон-бақта жанұя күнін атап өту мерекесіне орай, «EXPO -2017» халықаралық көрмесіне арналған «Жанұялық дуатлон» өткізіледі. Онда ата-аналар, балалар спорттың екі түрі бойынша: жүгіру және веложарыс арқылы жарысады.

Жанұялық команда жалпы 4 км 500 м қашықтықты бағындыруы тиіс. Әкелер 2 шақырым жүгіріп өтіп, эстафетаны аналарға береді, олар 2 шақырымды велосипедпен жүріп өтеді, ал балалар 300 м жүгіреді.

Жарысқа 9-11 және 12-14 жас шамасындағы балалар қатыса алады. Жанұялық дуатлонға қатысу үшін өз велосипедтерінің болуы шарт.

Соңғы жаңалықтар