Астанада отандық спорт жұлдыздарының қатысуымен жаппай велошеру өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 маусым күні Астанада «Astana ProTeam» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров және отандық спорттың басқа да жұлдыздарының қатысуымен елорданың 17 жылдық мерейтойына арналған жаппай велошеру өтеді.

Шараны Астана қаласының әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен бірлесе өткізіп отыр. Велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және тек көлік айдайтындар ғана пайдаланып жүрген көшелер бойымен отбасымен бірге велосипед тебуге мүмкіндік беру. Велошерудің мәресіне жеткен белсенді қатысушыларға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ атынан естелік сыйлықтар табысталады.

Велошеру 28 маусым күні сағат 11:00-де Салтанат сарайы алаңының алдында басталып, Астана Арена алаңының алдында мәресіне жетеді. Шара барысында қызықты трюктерді орындайтын кәсіби каскадерлердің қатысуымен экстремалды шоу өткізіліп, лотерея билеттері ойнатылып, спорттық велосипед ұтысқа қойылады. Айта кетерлігі, шараға қатысу тегін әрі орындар шектелмеген.

Соңғы жаңалықтар