Астанада осы аптада қандай мәдени және спорттық шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі осы аптада Астана қаласының мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.

18-28 ақпан сағат 10.00-18.00 аралығында Тәуелсіздік сарайында бірнеше көрме жоспарланған: «Ақанаевтар әулеті» жеке көрмесі; «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі; С. Махамбетовтің «Баллада гор и степей» атты жеке көрмесі; Аманат Назарқұловтың жеке көрмесі; «Современные нэцкэ из дерева» жапон көрмесі.

18-23 ақпан аралығында «Дәулет» СК-да теннистен «Astana Masters 10 & under» Халықаралық турнирі өтеді.

18 ақпанда сағат 12.00-де «Барыс» спорт кешенінде шайбалы хоккейден жастар (жасөспірімдер) командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.

18 ақпанда сағат 12.00-де «Барыс Арена» КМС-та шайбалы хоккейден 2018-2019 жж. маусымның Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты аясында «Номад» ХК - «Алтай Торпедо» ХК командалары кездеседі.

18 ақпанда сағат 15.00-де Ботаникалық саябақта «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында конькимен көңілді старт жарысы басталады.

18-19 ақпанда 19.00-де «Барыс Арена» КМС-та Шайбалы хоккейден 2018-2019 жж. маусымның ЖХЛ чемпионаты аясында «Снежные Барсы» ХК - «Сибирские Снайперы» ХК командалары ойнайды.

19-20 ақпанда сағат 10.00-де «Алау» МС-та коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының кубогі басталады.

19 ақпанда сағат 10.00-де №24 орта мектебінде асық атудан «Жігер сақасы» Қалалық ашық біріншілігі өткізіледі.

19 ақпанда 11.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ер Төстік» сахналанады.

19-22 ақпанда сағат 19.00-де «Nomad City Hall» концерт залында «Қайырлы кеш, Қазақстан!» концерті басталады.

19 ақпанда сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Антуан де Сент-Экзюпери «Маленький принц» ертегісінің тұсаукесері (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры) өтеді.

19 ақпанда 19.00-де «Астана» концерт залында Александр Малининнің «Влюбленный в романс» концерті ұсынылады.

20 ақпанда 11.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Т. Теменовтың «Ырылдақ күшік» ертегісі қойылады.

20 ақпанда сағат 12.00-де Оқушылар сарайында Н. Гернеттің «Волшебная лампа Аладдина» ертегісі (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры) қойылады.

20 ақпанда сағат 15.00-де Ботаникалық саябақта «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында пимамен шағын футбол өткізіледі.

20 ақпанда сағат 19.00-де «Қазақстан» ОКЗ-да «Таң самал» концерті қойылады.

20 ақпанда сағат 19.00-де «Жастар» театрында У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы қойылады.

21 ақпанда сағат 11.00-де «Жастар» театрында Г.Х. Андерсеннің «Қар ханшайымын» тамашалауға болады.

21-24 ақпанда сағат 14.00-де «Толқын» СК-да бокстан құрама командалар арасында матчтық кездесу өтеді.

21 ақпанда сағат 17.00-де Оқушылар сарайында Антуан де Сент-Экзюпери «Маленький принц» ертегісінің тұсаукесері (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры) болады.

21 ақпанда сағат 18.30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында А. Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы қойылады.

21 ақпанда сағат 19.00-де «Астана» концерт залында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен Нұрлан Тлеужановтың жеке концерті басталады.

21 ақпанда 19.30-да «Қазақстан» ОКЗ-да «Мировые музыкальные бестселлеры» концерті өткізіледі.

21 ақпанда сағат 20.00-де «Сарыарқа» велотрегінде 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында баскетболдан Қазақстан мен Австралия ұлттық құрамалары кездеседі.

22 ақпанда сағат 11.00-де «Жастар» сарайында «CHOREO 2019» атты VII Бүкілқазақстандық заманауи және көше билерінің байқауы ұйымдастырылады.

22 ақпанда сағат 16.00-де Қуыршақтар театрында Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» ертегісі қойылады.

22 ақпанда сағат 19.00-де «Жастар» театрында Н. Коляданың «Тасбақа Үміт» психологиялық драмасын тамашалауға болады.

22-23 ақпанда сағат 19.00-де «Барыс Арена» КМС-да шайбалы хоккейден 2018-2019 жж. маусымның ЖХЛ чемпионаты аясында «Снежные Барсы» ХК - «Кузнецкие Медведи» ХК командалары ойнайды.

22-23 ақпанда сағат 9.00-де «Даулет» СК-да «Қызғылт сары доп» теннистен балаларға арналған турнир басталады.

22-23 ақпанда сағат 10.00-де «Астана-Арена» стадионында футболдан Астана қаласының қысқы Біріншілігі өткізіледі.

23 ақпанда сағат 11.00-де Есіл өзенінің бойындағы «Кенесары батыр» ескерткішінің жанында «Бұрқасын-2019» қысқы фестивалі басталады.

23 ақпанда сағат 11.00-де Есіл өзенінің бойындағы «Кенесары батыр» ескерткішінің жанында футболдан 2005 ж.т. жасөспірімдер арасындағы «Қыс өрнегі» фестивалі өткізіледі.

23 ақпанда сағат 11.00-де «Жастар» театрында Г.Х. Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісі қойылады.

23-24 ақпанда сағат 12.00,14.00, 16.00-де Қуыршақтар театрында Р. Мұсаевтың «Мяу, гав и чик-чирик» ертегісі қойылады.

23-24 ақпанда сағат 16.00-де Астаналық циркте «Инди-ра» атты Александр Дементьев - Корниловтың цирктік шоуы басталады.

23 ақпанда сағат 18.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында К. Людвигтің «Примадонны» комедиясы (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрын көруге болады.

23 ақпанда сағат 18.00-де «Астана» концерт залында Үрмелі оркестрдің «Легенды рока» концерті қойылады.

24 ақпанда сағат 09.00-де М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Каратэ-до WKF бойынша Астана қаласының чемпионаты басталады.

24 ақпанда сағат 10.00-де «Алатау» СК-да самбодан және жауынгерлік самбодан ересектер арасында ҚР V Спартакиадасына және ҚР Чемпионатына Астана қаласының іріктеу Чемпионаты ұйымдастырылады.

24 ақпанда сағат 10.00-де Каратэ орталығында шинкиокушинкай каратэден жастар, жасөспірімдер және қыздар арасында қала Біріншілігі басталады.

24 ақпанда сағат 10.00-де №58 мектеп-гимназиясында киокушинкай-кан каратэден Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының Біріншілігі өтеді.

24 ақпанда сағат 10.00-де «Жастар» сарайында «ASTANA CUP-2019» атты республикалық балалар, жастар,ересектер шығармашылық байқауы өтеді.

24 ақпанда сағат 10.00-де Триатлон саябағында Қысқы триатлоннан ҚР чемпионаты өтеді.

24 ақпанда сағат 11.00-де «Астаналық» орталық саябағында Жастар жылына арналған велоспорттан (маунтинбайк) Астана қаласының чемпионаты басталады.

24 ақпанда сағат 18.30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында О. Жанайдаровтың «Жұт» драмасы қойылады.

24 ақпанда сағат 19.00-де «Жастар» театрында С.Жүнісовтің «Тырау-тырау, тырналар» драмасын тамашалауға болады.

24 ақпанда сағат 20.00-де «Сарыарқа» велотрегінде 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан-Филиппин ұлттық құрамасы арасындағы баскетбол матчы өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар