Астанада Орталық Азия елдерінің халықаралық би фестивалі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған  «CENTRAL ASIAN DANCE FESTIVAL»  халықаралық би фестивалі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Елордада алғаш рет өтіп жатқан фестивальге Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елінің талантты бишілері мен хореографтары жиналды. Фестиваль барысында АҚШ-тан арнайы шақырылған Кэтрин Пилкингтон, Тара Комптон сынды әйгілі хореографтар екі апталық  шеберлік сабақтарын  жүргізеді. Хореографияның алдыңғы қатарлы  шеберлері  қатысушыларға неоклассикалық балет, контемпорари, модерн, бродвей, джаз, хип-хоп, сонымен қатар хореографияның фото-видео түсірілімі мен арт- менеджмент тақырыптарына арнайы скилл-ап өткізеді. 


Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласы Қазақ Ұлттық хореография академиясы мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен өтуде. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстандағы АҚШ елшілігі Астана қаласына 30 грант, аймақтарға - 50 және Орталық Азияға 20 грант бөліп, жастарда айтулы шараға тегін қатысуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, бүгінгі танда кез-келген бизнестің маңызды бөлігі - маркетинг пен байланыс салаларында кең дағдыға ие болып, заманауи сандық өнер мен кино, фотосурет бағыттарындағы қажетті құралдарды меңгереді.


«Шараның тұңғыш рет бізде ұйымдастырылуының өзі көп нәрсені аңғартады. Негізгі мақсатамыз Қазақстанды, жас Астанамызды қазір әлемді жаулаған заманауи бидің орталығы ету. Екі апта бойы Орталық Азия елдерінен келген қатысушылар Қазақ Ұлттық хореография академиясында АҚШ-тан арнайы шақыртылған  мамандардың шеберлік сабақтарына қатысып, өз деңгейлерін одан әрі шынықтай түседі. Фестивальде бидің барлық түрі қарастырылған, яғни хип-хоп, модерн, контемп, бродвей тағы басқа. Іріктеліп алынған 100 қатысушы екі аптада алған шеберлік сабақтарының қорытындысы ретінде 5 тамыз күні «Өнер зорлық-зомбылыққа қарсы» атты гала-концерт қоямыз. Біздің фестивальдің ерекшелігі - оған тек кәсіби бишілер қатысуда», - деді Central Asian Dance фестивалінің ұйымдастырушысы Мерей Зейнеш.  

Екі апталық шара жастардың өзара мәдени және кәсіби тәжірибе алмасуына негіз болып, Орталық Азия аумағында неоклассикалық және заманауи хореографияның дамуына үлесін қосады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар