Астанада өрт шыққан үйден 125 адам эвакуацияланды, 3 бала ауруханада

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 2-ші қабаттағы пәтерден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 ақпан сағат 12:26-да қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Сарыарқа ауданы Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатында орналасқан пәтерде 25 шаршы метрде жиһаз бен үй заттарының жанып жатқанын анықтады», - делінген хабарламада.

Елордалық өрт сөндірушілер автосаты көмегімен 26 адамды өрт аумағынан аман алып шықты.

Оның ішінде 13 бала бар. Жалпы саны 125-ке жуық адам эвакуацияланды.

«Жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері 6 адамға, (үшеуі бала) медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізді», - дейді ведомстводан.

Ресми ақпаратта айтылғандай, тілсіз жаумен күреске жеке құрамның 18 маманы және 4 техника жұмылдырылды.



Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі



Соңғы жаңалықтар