Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

Астанада өрт болып, көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

2023 жылғы 26 наурыз, 11:46

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Астанадағы қосалқы стансалардың бірінде өрт болып, салдарынан 23 тұрғын үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, бүгін сағат 8.20-да қуаты 110/10 кВ болатын «Заречная» қосалқы стансасында секцияны ажыратқыш ұяшықтар өртеніп, салдарынан №1 және №2 қуаттық трансформаторлар апаттық жағдайда тоқтатылған.

«Сағат 8.40-та қосалқы стансаға өрт сөндіруші топ келіп, тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Сағат 9.40-та өрт ауыздықталды.

Технологиялық ақаудың себептері анықталып жатыр. Апаттан кейін қалпына келтіру бригадалары өртенген қондырғыларды ауыстырып, сынақтан өткізеді.

Электр энергиясын беру шектелген 23 тұрғын үй кешені бар (А.Байтұрсынұлы, Б.Момышұлы, Керей-Жәнібек хандар, Ә.Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік ел, Телман кенті)», - деп жазылған ресми мәліметте.

Әкімдіктегілердің хабарлауынша, үйлерге жарық электр қуатын беру өртенген қондырғылар тлоық тексеруден өтіп болғаннан кейін беріледі.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме