Астанада оқушыны қағып кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» автобус жүргізушісінің жасөспірім қызды қағып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жол-көлік оқиғасы болған кезде автобустың жылдамдығы 53 км/сағат болған. Автобус жүргізушісінің жолаушылар тасымалы жұмысында 9 жыл еңбек өтілі бар. Басшылық тарапынан ешқандай ескерту алмаған, ешқандай бұзушылық жасамаған. Қазіргі уақытта ол тергеу жүргізуге байланысты жұмыстан шеттетілді», - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Ұйымда аталып өтілгендей, жол апатына кінәлі автобус жүргізушілері жұмыстан босатылып, қара тізімге кіреді. Яғни, олар елорданың қоғамдық көлігінде жұмыс істей алмайды.

«Құрметті елорда тұрғындары! Апат айтып келмейді. Жол апатынан зардап шегетін жаяу жүргіншілердің басым бөлігі - балалар мен жасөспірімдер. Абай болуларыңызды және жолдан тек белгіленген жерлерден өтулеріңізді сұраймыз. Балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру керек. Қаза тапқан қыздың туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамыз», - деді компания баспасөз қызметі.

Еске салайық, 23 қазанда Астанада №40 бағыттағы жолаушылар автобусы оқушы қызды қағып, мерт қылды. 

 

Соңғы жаңалықтар