+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Астанада оқулық 10 тамыздан кейін таратыла бастайды - білім басқармасы

2016 жылғы 27 шілде 12:56
Бөлісіңіз:
 Астанада оқулық 10 тамыздан кейін таратыла бастайды - білім басқармасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтің айтуынша, биыл елорда ата-аналары оқулық сатып алмайды. Қала мектептерінде білім алатын 129 мың оқушыны білім басқармасы оқулықпен түгел қамтымақ.

«Қаладағы 129 мыңнан аса оқушы 100 пайыз оқулықпен қамтылады. Тендер жүргіздік, қазір оқулықтарды тасымалдау туралы келісімшарт жасасып жатырмыз. 10 тамызға дейін оқулықтардың барлығы мектептерге жетеді. 10 тамыздан кейін сынып жетекшілері оқулықтарды тарата бастайды. Сондықтан, оқулық сатып аламын деп ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Ертең оқулық жеткізушілермен тағы жиналыс өткіземіз. Тағы да қайталап айтамын, оқулықтарды 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етеміз», - деді журналистердің сұрағына жауап берген.

Егер оқулық жетпеген ата-ана болса, 55 01 62 нөмірі арқылы және 8778 255 01 62 телефонына WhatsApp қосымшасы арқылы Білім басқармасына хабарласуына болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT