Астанада «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Конгрес-орталықта «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі ауқымды бас қосу Елбасы - партия Төрағасының тікелей тапсырмасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форумның басты мақсаты - бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау. Өздеріңізге белгілі болып отырғандай, Елбасы бізге партия қызметін жүйелі түрде жаңғыртуды тапсырған болатын. Бастауыш партия ұйымдарының тиімділігін арттыру - сол жұмыстың басты бағыттарының бірі», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, бастауыш партия ұйымдарының тиімділігін арттыру мәселесі Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында өткен форумдарда жан-жақты талқыланған.null 

«Ол басқосулар мазмұнды әрі нәтижелі болды деп есептейміз. Бүгінгі Астанадағы форумның бірінші күнінде панельді сессияларды өткіземіз. Ол отырыстарда партиялық жұмыстың халықаралық тәжірибелері, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жұмыстың заманауи технологиялары, партиялық-кадрлық резервті қалыптастыру, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын бағалау жүйесі және басқа да көптеген мәселелерді қарастырамыз. Баршаңызды ашық әрі еркін диалогқа шақырамыз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетсек, алғаш рет өткізіліп отырған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген 600-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық партия филиалдарының басшылары, белсенді партия мүшелері бар. Одан бөлек, форумға белгілі отандық және шетелдік сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары арнайы қатысып, партия жұмысын жан-жақты жандандыру мәселесін талқылауда.

Соңғы жаңалықтар