Астанада Норвегия консулдығы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы бейсенбі, 30 наурыз күні Қазақстанда Норвегия патшалығының құрметті консулдығы ашылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, аталған шараға ҚР Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко қатысады. Ал министр Қайрат Әбдіраxмановтың өзі Франция еліне сапарлайды "Бұл сапар Францияның Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр", - деп атап көрсетті Жұманбай.

Бұдан бөлек, 31 наурыз күні АҚШ, Ұлыбритания, Қырғызстан мен Тәжікстанның әскери қызметшілерінің қатысуымен "Қазбат" қазақстандық жауынгерлік батальонының дайындығына арналған "Көктем - 2017" әскери-оқу жаттығу шаралары ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте ОКҚ ресми өкілі Мәжіліс пен Сенат депутаттарының осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы Серік Жарықов Алматы қаласында бір бүйрегін беруге келіскен адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

Бұдан бөлек, бүгін "Саxнагер" ұлттық театр сыйлығын табыстау салтанаты өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар