Астанада Nomad MMA стилі бойынша жарыс өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қазанның 20-21 аралығында «Дәулет» спорт кешенінде Nomad MMA стилінде VIII Халықаралық «Азия жауынгері» турнирі өтеді, деп хабарлайды Nomad MMA Халықаралық федерациясының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шараны Nomad MMA Халықаралық федерациясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және cпорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Республикалық жауынгерлік өнер бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырмақ. 

Азияның ең мықтысы атағына 500 жуық спортшы бақ сынасады деп күтілуде. Олар: Қазақстан, Пәкістан, Иран, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ауғанстан және Ресей елдерінің өкілдері.

Жарыстың мақсаты - бұқаралық спортты насихаттау, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Айта кетейік, жекпе-жектің қазақстандық түрі «Nomad MMA» халықаралық деңгейде қарқынды түрде дамып келеді. Елімізде аталмыш спорт түрі бойынша, түрлі турнирлер өткізілуде. Бүгінгі таңда, Федерация аясында 14 мың бала қамтылған. Ал 15 жылдық тарихы бар Әлемдік Федерация жастарды кәсіби спортшылардың дүниежүзілік элитасына кіруіне мүмкіндік жасап отыр.

Қазіргі кезде Әлемдік Федерация құрамына 15 мемлекет өкілдері кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар