Астанада Наурыз мерекесіне орай веломарафон өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінің аумағында Жастар жылына арналған «Наурыз мейрамы» веломарафоны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып берді. Ол жарыстың басты мақсаты - бұқаралық спорт түрлерін дамыту, оны халық арасында танымал ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін атап өтті.

Ерлер арасында 1-орынды Ержан Өмірқұл иеленді, 2-орын Данияр Құттыбекке бұйырса, 3-орын Андрей Крейстің еншісінде. Әйелдер арасында 1-орын Анастасия Ларцоваға бұйырды, 2-орынды Жансая Әбдукәрімова иеленді, 3-орын иегері - Ләззат Рамазанова.

Барлық қатысушылар алдын ала жасалған бағыт бойынша 6 шақырым жүріп өтті. Сонымен қатар, шара аясында армрестлинг, асық ату, тоғызқұмалақ, күрес, гір көтеру бойынша спортшылар өнер көрсетті. Сондай-ақ, қазақтың ескі салты бойынша тұсау кесу рәсімі өтті.

null null null

Соңғы жаңалықтар