Астанада «Наурыз базары» этноүлгідегі тауарлар жәрмеңкесі өтеді

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 21-23 наурыз аралығында «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында өтетін жәрмеңкеде этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларының мол таңдауы ұсынылады.

Қала тұрғындары үшін еліміздің ең жақсы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілерінің жаңа өнімдері ең тиімді бағамен сатылады. Мереке құрметіне барлық тауарға үлкен жеңілдіктер жоспарланып отыр.

Ал шығыс тағамдарын ұнататын жұртшылық фестивальге қатыса алады.

Жәрмеңке 21 наурыз күні сағат 13:00-18:00 аралығында, ал 22 және 23 наурыз күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар