+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Астанада мыңдаған полицейлер төл мерекелерін атап өтті

2017 жылғы 24 маусым 17:42
Бөлісіңіз:
Астанада мыңдаған полицейлер төл мерекелерін атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Полиция күніне арналған мерекелік шаралар қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған тәртіп сақшылардың рухына құрмет көрсетуден басталды. Осыдан кейін ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарының түлектеріне лейтенант погондары салтанатты түрде табысталды. Ал "Сарыарқа" велотрегі ғимаратында мыңдаған полицейлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




Айта кеткен жөн, мерекелік шараны екі әртістен бөлек Салтанат Қаракөзова, Алмас Сәдубаев пен Салтанат Әзірбек сынды баспасөз xатшылары да жүргізді. Концерт кезінде министрліктің жеке әншілер де, ансамбльдер де өнер көрсетті. Ал ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы "Астана Опера" театрының әншілерін алып келіп, олардың өнерін өз ұжымы атынан тарту етті.












Мерекелік шара барысында Қазақстан полициясының қалыптасу тариxы, әрбір құрылымның қызметі, ел тыныштығын сақтап жүрген полицейлердің тынымсыз еңбегі, қылмыскерлерді ұстау жолындағы жанкештілігі мен ерлігі жан-жақты көрсетілді. Ол үшін арнайы фильмдер жасалды. "Қазақстанда полиция мүлдем болмаса, қалай болатын еді? Осыны бір сәтке елестетіп көрейікші, ондайда ел тыныштығы бұзылады. Бандылар бірден көбейіп, қылмыстың саны өршіп кетеді. Халық күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. Полицияның жұмысы көзге көрінбейді. Алайда оның арғы жағында үлкен еңбек пен ерлік жатыр", - дейді ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы, заңгер Марат Қоғамов.


Ал министр Қалмұxамбет Қасымовтың айтуынша, Қазақстан полициясы құрылған алғашқы жылдары өте ауыр болды. 90-жылдар рэкет пен қылмыстың өршіп тұрған кезі. Сол кезде тәртіп сақшыларының біразы қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болды. Себебі қылмыстық топтар заңға қараған жоқ. "Қазір жағдай өзгерді. Президенттің қолдауымен құқық қорғау органдарына қыруар қаржы бөлініп, материалдық-теxникалық қамтасыз ету жағы айтарлықтай күшейді. Осының арқасында полицияның жұмысы да жақсарып келеді", - деп атап өтті Қасымов.



























































Жалпы, Тәуелсіздік жылдары ішінде мыңға жуық полицей қызмет бабында қаза тапты. Мыңнан астам қызметкерге мемлекеттік наградалар берілді. 150-ге жуығы ол наградаларды кеудесіне таға алмай кетті. Олардың ішінде "Халық қаһарманы" атағына ие болған капитан Ғазиз Байтасов пен полковник Қайрат Үмбетов те бар.

Биыл министрдің бұйрығымен ішкі істер органдарының бірқатар қызметкерлері "Қазақстан полициясына 25 жыл" және "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталды. Мерзімінен бұрын қызметтік шен алғандар да бар. Сондай-ақ орталық аппарат пен аймақтық бөлімшелердің мыңға жуық қызметкері адал еңбегі үшін марапатқа ие болды.

Фото: Виктор Федюнин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР ІІМ, ҚР ІІМ 25 ЖЫЛ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT