Астанада мүсін өнерінің халықаралық көрмесі ашылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында тоғыз елдің мүсіншілерінің туындысы қойылған мүсін өнерінің халықаралық биенналесі жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көрмеге отандық мүсіншілермен бірге Германия, Нидерланды, Швейцария, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан елдерінің авторларының мүсіні қойылған. Биенналенің өткізілуіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болған. ҚР Суретшілер одағының хатшысы, тәуелсіз сарапшы Камилла Лидің айтуынша, халықаралық дәрежедегі бианналені өткізу аса зор даярлықты талап ететін жауапты тапсырма. Осы үдеден шыға білген Астана аз уақыттың ішінде ауқымды шараны абыроймен өткізіп отыр.  

Жиында сөз сөйлеген профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбеков ЭКСПО-2017 көрмесі өтіп жатқан уақытқа тұспа-тұс ашылған биеннале мүсіншілердің шығармашылық өнеріне шабыт беретінін атап өтті. Профессордың сөзіне сүйенсек, Eurasia Sculpture Biannale қазіргі заманның мүсін өнерінің өркендеуіне тың серпін береді.

«Көрмеге шетелдіктермен бірге қазақстандық мүсіншілердің де туындылары қойылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін бір ай көлемінде биенналені тамашалауға мүмкіндік бар», - дейді Байтұрсын Өмірбеков.

Көрме алдында қазылар алқасы мүсіншілердің арасында сайыс та өткізген екен. Осылайша, елуге жуық туындының ішінде бас жүлдені мүсінші Мерген Әлібеков «Алатау» шығармасымен жеңіп алып, оған 300 мың теңгенің сертификаты бұйырды. Ал бірінші орынға Швейцариядан келген Этьен Крахенбул «Тоқтатылған уақыт» туындысымен ие болды. Оған 200 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Екінші және үшінші орындарды ресейлік және қазақстандық өнер иелері жеңіп алды. 

Көрме тамыз айының 4 жұлдызына дейін жалғасады.


2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 

Соңғы жаңалықтар