Астанада мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы ерекше мұқтаждығы бар балаларға арналған «Сати» балабақшасындағы тәрбиешінің өрескел әрекеті туралы тараған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Instagram -да жарияланған шағымда балабақшада балаларға жиі қол көтеріп, айғайлап ұрсатыны, тіпті бейәдеп сөздер айтылатыны туралы, тамақ пен балалардың күтімі де нашар екені айтылған.

«Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті балабақша тәрбиешісінің үстінен тәрбиеленушілерге қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу бастады», - деп жазылған басқарманың ресми мәліметінде.

Сондай-ақ, ведомство прокуратура мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне аталған балабақшаның қызметін тексеру қажеттігі туралы хат жолдаған.

Бұл мәселе ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.

Қалалық білім басқармасының дерегі бойынша, балабақша - жеке меншік ұйым болып табылады, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істемейді.

Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі басқармаға жұмысын бастағаны туралы мәлімет жолдамаған.

Қазіргі таңда онда12 адам 60-тан астам баламен жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар