Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Астанада министрліктерді цифрландыруға арналған форум өтуде

2018 жылғы 15 қыркүйек 15:01 518
Бөлісіңіз:
Астанада министрліктерді цифрландыруға арналған форум өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат- Astana Hub алаңында цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Arena-2» атты форум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысының аграрлық саласы digital деңгейіне көтерілуде Қазақстан байланыстың бесінші толқынын енгізуге дайын - Дәурен Абаев

Екі панельдік сессиядан тұратын форумның бірінші бөлімі министрліктерді цифрландырудың ағымдағы міндеттері мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларға арналуда. Екінші сессияда «Ашық микрофон» атты интерактивті сұқбаттасу, оның барысында ІТ нарыққа қатысушылар мемлекеттік органдар өкілдеріне сұрақтарын қойып, пікір алмасып жатыр. 

Айтулы шарада 4 министрліктің цифрландыру бойынша жауапты өкілдері, атап айтқанда, Динара Щеглова ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, Арыстан Қабикенов ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі, Арман Евниев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі және Марат Нұрғожин ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі IT-нарық өкілдерімен ашық диалог жүргізіп, бизнес қауымдастығымен нәтижелі байланыс ортануға дайын екендіктерін білдіруде. 

«Біздің министрлік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен IT қауымдастығы арасындағы интегратор. Сондықтан цифрландыруға қатысты шараларға белсене қатысамыз және ұйымдастырамыз. Одан бөлек, бүгінде министрлікте цифрландыру бойынша жаңа заң жобасын әзірлеудеміз, оны 2019 жылдың басында депутаттар қарауына ұсыну жоспарда тұр. Осы тұрғыда ІТ нарығындағы сарапшыларды бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Бүгінгі форум соның бір көрінісі», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрлерінің қатысуымен «Digital Arena-1» форумы өткен болатын. Оның нәтижесінде аталған министрліктерге 30-дан астам ІТ компания цифрландыруға қатысты мәселелерін шешіп беру бойынша өтінім жасап, оның үштен бір бөлігі пилоттық жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. 

 


Астанада министрліктерді цифрландыруға арналған форум өтуде 


Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат